NASA 50 жылдан астам үзілістен кейін Айға адам ұшыратынын ресми түрде мақұлдады. Тарихи «Artemis II» миссиясының ұшу күні де белгіленді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Ғарыш кемесі 2026 жылдың 1 сәуірінде, EST уақытымен 18:24-те ұшырылады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде зымыран ұшыру алаңында дайын тұр, ал миссия экипажы міндетті карантинге оқшауланды.
Айды бетке алатын топтың құрамында америкалық астронавтар Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық Джереми Хансен бар. Бұл – 1972 жылдан бері адамзаттың Айға жасайтын алғашқы сапары болмақ.

