Таяу Шығыстағы әскери қимылдар басталғалы бері 9517 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

«Еліміздің аймақтағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастыруда және отандастарымызбен тұрақты байланыста», — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясынан эвакуация жалғасып жатыр. Ал Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оманнан азаматтарды елге жеткізу шаралары аяқталуда.

Share.
Exit mobile version