Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Тоқаев Моңғолия президентімен кездесті: «Біз – көшпенді халықтардың ұрпағымыз»

21 апреля, 2026

Майданның жаңа келбеті: Украина тұтқындарды енді роботтармен қолға түсіруде

20 апреля, 2026

Бір жақта иттерді өлтіру, екінші жақта мереке: Тоқаев жаңа шешім қабылдады

20 апреля, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Тоқаев АҚШ-тағы жаңа Қазақстан елшісін тағайындады

    20 октября, 2025

    Тоқаевты Ердоған әуежайда қарсы алды

    28 июля, 2025

    Әзербайжанның әскери тірегі, Қырғызстандағы аударымдардың өсуі және Өзбекстандағы газ тапшылығы

    28 июля, 2025

    Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»

    8 июля, 2025

    «Си Цзиньпин НАТО-ға шабуыл жасауға РФ-ны айдап салуы мүмкін»: НАТО Бас хатшысы Марк Рютте

    7 июля, 2025
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Тоқаев Моңғолия президентімен кездесті: «Біз – көшпенді халықтардың ұрпағымыз»
Жаңалықтар

Тоқаев Моңғолия президентімен кездесті: «Біз – көшпенді халықтардың ұрпағымыз»

21 апреля, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
file_435.jpg
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан мен Моңғолия президенттері Астанада шағын құрамда келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастың маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің тарихи тамыры ортақ екенін атап өтіп, Моңғолияның соңғы жылдардағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

«Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Сіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында Моңғолияда көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Былтыр еліңіздің экономикасы 6,8 пайызға өсті. Бұл Сіздің салиқалы басшылығыңыздың жемісі екені сөзсіз. Біз бауырлас елдің барлық жетістігіне қуанамыз», – деді Президент.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух өз кезегінде Қазақстанға 20 жылдан кейін мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Ол Тоқаевтың Моңғолияға жасаған сапары екіжақты қатынасты жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

«Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылады. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа жетті», – деді Ухнаагийн Хурэлсух.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМайданның жаңа келбеті: Украина тұтқындарды енді роботтармен қолға түсіруде

Related Posts

Майданның жаңа келбеті: Украина тұтқындарды енді роботтармен қолға түсіруде

20 апреля, 2026

Бір жақта иттерді өлтіру, екінші жақта мереке: Тоқаев жаңа шешім қабылдады

20 апреля, 2026

Ормуз бұғазына балама: Түркия Қазақстан арқылы өтетін жаңа дәліз ұсынды

19 апреля, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version