Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Ата заңды «Халық Конституциясы» деп атап, оның маңызына тоқталды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі шынайы жаңару құрғақ саяси ұрандардан емес, құқықтық негізді жаңаша қалыптастырудан басталады. Ол жаңа Конституцияны елдіктің тірегі әрі егемендіктің тұғыры деп сипаттады.

«Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен, мақсат-мұратынан туған қастерлі құжат, шын мәніндегі Халық Конституциясы. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі», – деді президент.

Тоқаев сондай-ақ бұл құжатты жаңа тарихи және геосаяси жағдайдағы Қазақстан үшін маңызы зор, бірегей Жарғы деп бағалады.

Share.
Exit mobile version