АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы жағдайға байланысты «соғыс» сөзінен бас тартып, оның орнына басқа терминді қолданатынын айтты, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

The Hill басылымының мәліметінше, Трамптың бұл әрекеті АҚШ Конституциясына тікелей байланысты. Өйткені заң бойынша соғыс жариялау құқығы тек Конгреске берілген. Сондықтан президент «әскери операция» деген тіркесті пайдаланып, бұл шектеуді айналып өтпек.

Осыған байланысты демократ-конгрессмендер Иранға қарсы кез келген әскери әрекет үшін президент міндетті түрде Конгрестің рұқсатын алуы керек деп санайды.

Алайда Трамп әкімшілігі мен республикашылдар басқаша ойлайды. Олардың пікірінше, президент бас қолбасшы ретіндегі өкілеттігін пайдаланып, Конгрестің келісімінсіз-ақ Иранға соққы беруге құқылы.

Share.
Exit mobile version