АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Израильден Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы жасамауды сұрады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Axios басылымының жазуынша, Ақ үй Израильден мұндай шабуылдар туралы алдын ала ескертуді де талап еткен. Бұл өтініштің артында үш маңызды себеп бар екені айтылады.

Біріншіден, мұндай соққылар Иранның бейбіт халқына зиян тигізуі мүмкін. Әкімшілік Иран тұрғындарының басым бөлігі қазіргі режимге онсыз да қарсы деп санайды.

Екіншіден, Дональд Трамп қақтығыс аяқталғаннан кейін Иранның мұнай секторымен ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Бұл бұрын Венесуэлаға қатысты қолданылған саясатқа ұқсас.

Үшіншіден, бұл шабуылдар Иранды Парсы шығанағындағы басқа елдердің энергетикалық нысандарына жаппай соққы беруге итермелеуі мүмкін.

Басылым дереккөзінің сөзінше, Трамп әкімшілігі Иранның мұнай нысандарына соққы беруді «ең соңғы амал» ретінде ғана қарастырады. Мұндай қадамға Тегеран Парсы шығанағындағы инфрақұрылымға бірінші болып шабуылдаған жағдайда ғана баруы мүмкін.

Share.
Exit mobile version