Ирантанушы Жәнібек Көпжасардың болжауынша, АҚШ жақын күндері Иранның құрлықтағы аумағына емес, Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар Харк аралына әскер кіргізуі мүмкін, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Сарапшы кескілескен шайқас дәл осы аралда болады деп есептейді. Оның сөзінше, Иран соңғы күндері бұл аймаққа қосымша әскер шоғырландырып, айналасын толық миналап тастаған.

«Харк аралы – Иран үшін аса маңызды нысан. Себебі Иран мұнайының 95%-ы осы арал арқылы экспортталады. Шикі мұнай танкерлерге тек осы жерден құйылады. АҚШ-тың көздегені де – осы экономикалық күретамырды кесу», – дейді Жәнібек Көпжасар.

Сондай-ақ сарапшы осы әскери қақтығысты пайдаланып, Біріккен Араб Әмірліктері Парсы шығанағындағы Әбу Мұса, Томбе Бозорг және Томбе Кучек аралдарын басып алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Share.
Exit mobile version