Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Н. Исембайұлына қатысты шығарылған ақтау үкімінің күші жойылды. Ол мемлекеттік жерді алып беремін деп алаяқтық жасады деп айыпталған болатын, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Былтыр, яғни 2025 жылдың 31 наурызында Ақтөбе қаласының №2 соты Исембайұлының үстінен қозғалған іс бойынша оны ақтап шыққан еді. Бұл іс сол кезде БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, кейбір жарияланымдар тергеу мен мемлекеттік айыптау жұмысын сынға алған болатын.
Алайда прокуратура органдары жазаның бұлтартпастығы қағидатын негізге алып, ақтау үкімін қайта қарау үшін кассациялық сатыға шағымданды. Нәтижесінде жоғары сот үкімнің күшін жойды.
Мемлекеттік айыптаушы сотта тағылған айыпты толық көлемде қолдайтын болады.
Енді бұл іс Ақтөбе облыстық сотында жаңадан қаралады.
