Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Бұл шешім Астанада өткен партияның құрылтай съезінде қабылданды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен мыңға жуық делегат жиналып, партияның бағдарламасы мен жарғысын бекітті.
Жаңа саяси ұйымның негізгі құндылықтары – әділдік, жауапкершілік, отаншылдық, еңбек және даму.
Айбек Дәдебай 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 5 мамырына дейін Президент Әкімшілігін басқарған. Оның орнына бұрынғы бірінші вице-премьер Роман Скляр келген еді. Бұған дейін ол Президенттің іс басқарушысы қызметін атқарған.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.
«Президент Тоқаев өзінің ең жақын көмекшісіне қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуды тапсырды. Ол екі күннен кейін жаңа саяси партияның көшбасшысы атанды. Басқаша айтқанда, президенттік бағыттың басты тірегі болуға дайын, ашық түрде президентшіл жаңа партия дүниеге келді. Бұл – таза парақтан бастап отырған, қаржылық, әкімшілік және адами ресурстардан тапшылық көрмейтін ұйым», – деп жазды сарапшы.
