Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Тең деңгейде сөйлесу өнері: Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеу сапары туралы
Жаңалықтар

Тең деңгейде сөйлесу өнері: Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеу сапары туралы

9 мая, 2026
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақ қоғамында сыртқы саясатқа қатысты екі полярлы көзқарас әрқашан қатар жүреді. Бірі — әлемнен оқшаулану, ренішке берілу, «бізді ешкім түсінбейді» деген күй кешу болса, екіншісі — халықаралық алаңға шығып, өз ұстанымыңды дәлелдеу және тең дәрежеде сөйлесу. Президент Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеу сапары — осы екінші жолдың айқын көрінісі.

Тарихи естелік және ұлттық сипат

Қазақ халқының дүниетанымында маңызды тарихи сәттер мызғымас, қасиетті орын алады. Кеңес халқы фашистік Германияны жеңуге шешуші үлес қосты. Қазақтар сол күрделі құрамдағы халықтың ажырамас бөлігі болды, сондықтан біз — басқа ұлттармен тең құқылы жеңімпаз ұлтпыз.

Бұл жерде маңызды бір жайттың басын ашып айту керек: қазақ халқы Ашаршылық пен репрессияны бастан өткерді. Миллиондаған адамынан айырылды, ұлттық зиялы қауымы қырылды. Соған қарамастан, фашизмге қарсы күресте қайсарлық танытты. Көп жағдайда қазақ жауынгерлері ерен батырлықтың үлгісін көрсетті. Бұл — қарама-қайшылықтай көрінгенімен, шын мәнінде ұлттық сананың тереңдігін және тарихи әділеттілік сезімін айқындайтын факт.

Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын ешқашан күмән астына алған емес. Қоғамда пікір алуандығы болғанымен, мемлекеттің саяси бағасы тұрақты қалпында сақталып келеді. Ресей басшылығының өзі Тоқаевтың қазіргідей күрделі жағдайдағы сапарын ерекше қадам ретінде бағалады.

Оқшаулану — әлсіздіктің белгісі

Әлеуметтік желілерде кейде «неге барды?», «неге қатысты?» деген эмоционалды пікірлер естіліп қалады. Бірақ нағыз қуатты мемлекет — бұрышқа тығылып, өкпелеп отыратын ел емес. Нағыз қуатты мемлекет — өз ұстанымы бар, оны халықаралық алаңда ашық айта алатын, кез келген елдің көшбасшысымен тең деңгейде сөйлесе алатын субъект.

Қазақстан ешкімге ештеңе қарыз емес. Оның достық қарым-қатынасы мен ізеттілігі — алғыспен қабылдануы тиіс құндылық, әсте міндет емес. Астана бұл ұстанымды соңғы жылдары айқын көрсетіп келеді: Украина дағдарысы кезінде де, «Орталық Азия — Еуропа» форматтарында да, Қытай мен АҚШ-пен қарым-қатынаста да солай болды.

Дипломатияның көпқабатты табиғаты

Қазіргі сапардың тек символдық емес, нақты дипломатиялық жүгі болуы әбден ықтимал. Ресей-Украина соғысына қатысушы тараптардың шаршағаны, бейбітшілік формуласын іздеу қажеттілігі — айқын нәрсе. Осы тұста Тоқаевтың рөлі ерекше мәнге ие.

Қазақ Президенті Батыс пен Еуроодақ елдерінің барлық маңызды астаналарымен үздіксіз байланыста. Соңғы кездері осы елдер өкілдерінің Астанаға жиі келуі де кездейсоқ емес. Тоқаев Путинмен сенімді жағдайда сұхбаттасып, басқа тараптардың месседждерін жеткізуі, оның ұстанымын анықтап, кейін өз әңгімелестеріне мәлімет беруі мүмкін. Бұл — күрделі, көпзвенолы дипломатия.

Ең бастысы: мұндай делдалдық рөлге ие болу үшін барлық тараппен сөйлесе алатын статусты сақтау керек. Оқшауланған, ренжіген, есік қағудан жасқанатын ел мұндай миссияны атқара алмайды.

P.S. Тең деңгейде сөйлесу өнері

Біз бір қарапайым шындықты түсінуіміз керек: халықаралық саясатта эмоцияға орын жоқ. Егер біз оқшауланып, кім көрінгенге өкпелеп отыра берсек, сол күйімізде қала береміз — бұл бізге ештеңе бермейді. Әлемнің біз туралы пікірі өзгермейді, мүддеміз қорғалмайды, дауысымыз естілмейді.

Керісінше, біз осындай күрделі аренада келіссөз жүргізуді, өз ұстанымымызды дәлелдеуді үйренуіміз қажет. Кез келген астанаға барып, кез келген көшбасшымен тең деңгейде сөйлесу — бұл әлсіздік емес, керісінше, ересек, өзіне сенімді мемлекеттің белгісі.

Тоқаевтың 9 мамырдағы Мәскеу сапары — тарихи естелікке құрмет қана емес, сонымен бірге қазақ дипломатиясының кемелденіп келе жатқанының айғағы. Кейде ең дұрыс шешім — сыртта қалмай, барып сөйлесу. Тең дәрежеде, дербес әрі өз ұстанымыңмен.

Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Мәскеу сапары Тоқаев
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАйбек Дәдебай «Әділет» партиясын басқарды: бұл Тоқаевтың жаңа саяси күші ме?
Next Article Трамптың Қытайға сапары: Тайвань Иранға немесе жаңа тарифке айырбастала ма?

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version