Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

Фото: Kazinform

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып, 24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы өтініш білдірді.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

— Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаны қысқарту туралы өтінішпен жүгінген. Өтінішті қарау күні әлі белгіленбеген, — делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов «аса ауыр қылмысты жасырғаны» үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Қуандық Бишімбаев «аса қатыгездікпен адам өлтіргені» үшін 24 жылға сотталған.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Бишімбаевтың рақымшылыққа іліну мүмкіндігі туралы пікір білдірген болатын.