Еуроодақ Қазақстанға Ресейдің санкциядан жалтарып, ақша шығару әрекеттеріне қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливанның мәлімдеуінше, еуропалық жүйеден ажыратылған ресейлік банктер қаржылық операцияларды Қазақстан сияқты үшінші елдер арқылы жасауға тырысып жатыр.

«Бұл Қазақстанға қатысты қандай да бір шара емес, тек ақпарат алмасу. Біз банктерді ықтимал тәуекелдерді ескеруге шақырдық», — деді О’Салливан.

Сонымен қатар ол қазақстандық банктердің санкция талаптарын өте мұқият орындайтынын да атап өтті.

Share.
Exit mobile version