Мәскеуде 9 мамырдағы Жеңіс күніне арналған шеру қарсаңында мобильді интернет жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Reuters мәліметінше, сейсенбіден бастап елорданың бірнеше ауданында көптеген қолданушының байланысы үзілген, бірақ дауыстық қоңыраулар бұрынғыша істеп тұр.

Ресей билігі бұл шараны Украина тарапынан болуы мүмкін дрон шабуылдарына байланысты қауіпсіздік мәселелерімен түсіндірді. Сонымен қатар елде интернетке бақылау күшейіп келеді: түрлі сервистер жиі бұғатталып, тұрғындар VPN қолдануға мәжбүр.

Сбербанк пен «Яндекс» сияқты ірі компаниялар мен байланыс операторлары мобильді интернет, мессенджерлер мен онлайн-сервистер жұмысында іркілістер болуы мүмкін екенін алдын ала ескертті.

Share.
Exit mobile version