Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси Иранның ядролық бағдарламасын ешқандай әскери қақтығыс тоқтата алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың беделді «Face The Nation» бағдарламасына сұхбат берген Гросси Иранның ядролық салада қажетті маман, технология, білім және өндірістік қондырғыларға толық ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл жинақталған интеллектуалды және техникалық әлеуетті ешбір соғыс жоя алмайды.

МАГАТЭ басшысы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың тұсында Вашингтонның 2015 жылғы келісімнен шығуы Иран ғалымдарының технологиялық тұрғыдан ілгерілеуіне түрткі болғанын жеткізді. Қазір олар ядролық процестерді едәуір жылдамдата алатын деңгейге жеткен.

Бұл мәлімдемеге қатысты саясаттанушы Дулат Бәкішев өз пікірін білдірді.

«Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде екі үлкен қателік жасады. Ал қазіргі шиеленіс – оның үшінші қателігі. Гросси айтқандай, бұл соғыс Иран бағдарламасын тоқтата алмайды. Демек, АҚШ пен БҰҰ Иранмен жаңа келісім жасауға мәжбүр болады. Бар мәселенің түйіні осы», – деп жазды сарапшы.

Share.
Exit mobile version