Еуропаның жетекші елдері АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты саясатын қолдаудан бас тартып, НАТО ішінде үлкен келіспеушілік тудырды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте альянсқа мүше елдерді Ормуз бұғазында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өздерінің әскери кемелерін Парсы шығанағына жіберуге шақырған. Бұл қадам АҚШ пен еуропалық одақтастар арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған еді.
Алайда Германия, Франция, Италия және Испания сияқты ірі мемлекеттер бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы шықты.
Еуропалық дипломаттардың пікірінше, НАТО – қорғаныс үшін құрылған ұйым. Ал Иранға қарсы жасалып жатқан әрекет – интервенция. Сондықтан олар мұндай «заңсыз соғысқа» атсалысудан бас тартатынын мәлімдеді.
