Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ Президенті Дональд Трамппен Иранмен келіссөз жүргізу мүмкіндігін талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

«Мен бүгін Трамппен сөйлестім. Ол Израиль мен АҚШ әскерінің жетістіктерін пайдалана отырып, біздің мүддемізді қорғайтын келісім жасауға болады деп санайды», – деді Нетаньяху.

Сонымен қатар, ол Израильдің Иран мен Ливанға соққы беруді жалғастырып жатқанын жеткізді.

«Біз Иранның зымырандық және ядролық бағдарламаларын жойып, «Хезболлаға» қарсы соққыларымызды жалғастырамыз. Қандай жағдай болмасын, өз мүддемізді қорғаймыз», – деді үкімет басшысы.

Share.
Exit mobile version