Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Тель-Авивтің Ирандағы режимді құлатуға мүдделі екенін ашық айтты, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

«Израиль Иран халқының режимді құлату мүмкіндігі үшін жұмыс істеп жатыр», — деді ол өз сөзінде.

Нетаньяху Иранның жаңа басшысы Моджтаба Хаменеиді «ескі тиранның орнына келген жаңа қуыршақ» деп атап, оның билігі ұзаққа бармайтынын тұспалдады.

«Егер сақтандыру агенті болсам, Хаменеиге ешқашан сақтандыру полисін сатпас едім», — деп қосты премьер-министр.

Сондай-ақ ол Израильдің Таяу Шығыстағы ықпалы артып келе жатқанын жеткізді.

«Мен сіздерге уәде бердім: біз Таяу Шығыстың картасын өзгертеміз. Израиль бұрынғыдан әлдеқайда күшті болады. Мұны қазір көршілеріміздің бәрі, дос та, дұшпан да мойындап отыр», — деді Нетаньяху.

Сонымен қатар ол Ирандағы режимнің тағдыры халықтың өз қолында екенін атап өтті. Оның айтуынша, егер билік құласа, мәселе түбегейлі шешіледі, ал құламаған күнде де әлсірей түседі.

Share.
Exit mobile version