Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеу бойынша келіссөздердің келесі кезеңі Ыстамбұлда өтуі мүмкін, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты кездесуді Әбу-Дабиде өткізу жоспарынан бас тартылған. Ал Ыстамбұл алаңына барлық тарап оң көзқарас танытып отыр.

«Келіссөздердің келесі раундының нақты күні мен орны әлі белгіленген жоқ. Алайда, келіссөздер үдерісі жалғасатыны анық», — деді Дмитрий Песков.

Бұған дейін тараптар Ыстамбұлда, сондай-ақ АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Даби мен Женевада кездескен еді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф үшжақты келіссөздердің келесі кезеңі алдағы аптада өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Share.
Exit mobile version