АҚШ тұрғындарының басым көпшілігі Иранға қарсы соғыс идеясын қолдамайды, бұл АҚШ Президенті Дональд Трамптың саяси мақсаттарына жетуіне кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
The New York Times басылымының жазуынша, бұл бастамаға америкалық қоғамның өзінен қолдау жоқ. Осыған байланысты сарапшылар Дональд Трамптың да, оның одақтасы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың да көздеген мақсатына жетуі екіталай деп санайды.
Ішкі және сыртқы қолдаудың аз болуының басты себебі – бұл әскери әрекеттердің заңсыз сипат алуында.
