Ресейдің Усть-Луга кентіндегі ірі құрылыс алаңында жүздеген жұмысшы, оның ішінде қазақстандықтар да бар, жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Ресми мәлімет бойынша, жанжал тұрмыстық себептен шыққан. Алдын ала болжамға сәйкес, бәрі күзет қызметкерлерінің қазақстандық болуы мүмкін бір жұмысшыны ұстауынан басталған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан ондаған, тіпті жүздеген ер адамның бір-бірімен жаға жыртысып, тас лақтырғанын көруге болады. Айнала айқай-шуға толып, тіпті атылған оқтың даусы естіледі.

Алайда, бұл оқиғаның астарында жай ғана жұмысшылар арасындағы келіспеушіліктен гөрі үлкен мәселе жатуы мүмкін. Төбелес болған нысан – «Газпромның» мердігері саналатын «Велесстрой» компаниясының құрылыс алаңы.

Бұл компанияның иесін кейде «Путиннің әмияны» деп атайды. Сондықтан қарапайым жанжалдың неліктен бірнеше минут ішінде жаппай тәртіпсіздікке ұласқаны көптеген сұрақ тудырып отыр.

Share.
Exit mobile version