Иранның Сауд Арабиясындағы «Ханзада Сұлтан» әскери базасына жасаған соққысынан аса қымбат америкалық ұшақ жойылғаны хабарланды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Күлі көкке ұшқан әуе кемесі – құны шамамен 500 миллион доллар тұратын Boeing E-3 Sentry ұшағы. Бұл – әуе кеңістігін алыс қашықтықтан бақылап, нысаналарды анықтайтын AWACS жүйесімен жабдықталған АҚШ Әуе күштерінің маңызды техникасының бірі.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, соққы ұшақтың ең осал әрі негізгі бөлігі саналатын фюзеляж үстінде орналасқан радиолокациялық радарға дәл тиген.
