Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұстанымын білдіріп, кез келген кикілжің тек дипломатиялық жолмен шешілуі керек екенін атап өтті, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы референдумда дауыс беріп шыққан соң журналистер сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстан – әлемге бейбіт ел ретінде танылған мемлекет және бұл ұстаным өзгермейді.

Президент жақында елімізге ресми сапармен келген Иран президенті Масуд Пезешкианмен болған кездесуді еске алды.

«Ол кісі өте жақсы әсер қалдырды. Зайырлы көзқарастағы адам, өзі кардиохирург. Мен оның Иранның Шығанақ елдеріне шабуыл жасамайды деген мәлімдемесін құптадым», – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Иран халқына деген құрметін жеткізді.

«Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айнымаймыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Share.
Exit mobile version