Қазақстанда өткен республикалық референдумға сайлаушылардың 73,24%-ы қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы 9 миллионнан астам азамат, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 адам өз таңдауын жасаған. Заңға сәйкес, дауыстарды санауға 12 сағаттан артық уақыт берілмейді. Референдумның алдын ала қорытындысының қашан жарияланатыны әзірге белгісіз.
