Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Президент өңірдегі сапарын түркі әлемінің рухани әрі тарихи-мәдени орталығына айналған, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барудан бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ойшыл, рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесенеде жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

