АҚШ Президенті Дональд Трамп сәуірде Израильге бару мәселесін қарастырып жатыр, себебі ол Иерусалимде өтетін беделді марапатқа ие болуы мүмкін, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Марапаттау рәсімі Израильдің Тәуелсіздік күніне, яғни 22 сәуірге жоспарланған. Дәл осы атаулы мерекеде Трампқа ерекше құрмет көрсетілмек.

Бұл марапат – Трамптың антисемитизммен күресі, кепілдегі адамдарды босатуға қосқан үлесі, Иерусалимді Израиль астанасы деп тануы және елдің өзін-өзі қорғау құқығын үнемі қолдағаны үшін берілетін алғыстың белгісі.

Share.
Exit mobile version