Трамптың бастамасы
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда болашақта салынатын Триумфальды арканы әскери мақсатта пайдалануды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады. Трамптың айтуынша, шешім Қарулы күштердің өтініші бойынша және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Әскери инфрақұрылым
Жоспар бойынша, монумент әлемде баламасы жоқ озық әскери комплексімен біріктіріледі. Комплекс ішінде дрондарды сақтау және жылдам ұшыру базасы орналасады. Сондай-ақ ғимараттың төбесінде және оған іргелес алаңда снайперлер кезекшілік етеді. Сонымен қатар комплексде снайперлік оқ-дәрілерге арналған қоймалар жабдықталады.
Вашингтонның ерекшелігі
Трамп Вашингтон әлемнің 59 ірі қаласы мен астанасының ішінде өзінің Триумфальды аркасы жоқ жалғыз қала болып қалып отырғанын атап өтті. Бұл бастама АҚШ астанасының архитектуралық келбетін өзгертумен қатар, қорғаныс инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған.

