Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Иран арасындағы әскери ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның болжамынша, Мәскеу Тегеранға өз әскерін жіберуі ықтимал, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Зеленский ирландиялық журналист Кейлин Робинсонға берген сұхбатында Мәскеудің Иран режиміне жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Ресей Иранға дрондар беріп қана қоймай, зымырандармен және әуе қорғанысы жүйелерімен де көмектесуде.

«Енді бір ғана сұрақ қалады: Иран режиміне қай ел бірінші болып әскер жібереді? Мысалы, Ресейге Солтүстік Корея 10 мың сарбазын жіберді, олар кейін Украинаға аттануы мүмкін. Дәл осындай сценарий Иранда да қайталануы ықтимал. Яғни, Ресей ол жаққа өз әскерін жіберуі әбден мүмкін», — деді Зеленский.

Share.
Exit mobile version