Айды айналып, ғарышта бұрын-соңды болмаған қашықтыққа ұшқан NASA-ның «Артемида-2» миссиясы сәтті аяқталды. Экипаж мүшелері мінген «Орион» ғарыш кемесі Калифорния жағалауында Тынық мұхитына қонды, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.

Миссияның аяқталуын YouTube арқылы 3 миллионнан астам адам тікелей эфирде тамашалады.

Экипаж құрамында NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер, Кристина Кук және Канада ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен болды. Олар Жерден 407 мың шақырым қашықтыққа ұшып, адамзат тарихындағы жаңа рекордты орнатты.

1 сәуірде басталған сапар барысында астронавттар алты күнге дейін өздігінен жұмыс істей алатын жаңа үлгідегі скафандрларды сынақтан өткізді.

Share.
Exit mobile version