Алматыда 16 жастағы Өзбекстан азаматы Амиров Ядгор 10 маусым күні із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды EurasiaPluse волонтерлік LIDER.KZ ұйымының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

2009 жылы туған жасөспірім соңғы рет таңғы сағат 09:30 шамасында Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі, 6-үйден шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ.

Белгілері: бойы — 160 см, дене бітімі — арық, шашы — қара, қысқа, көзі — қоңыр. Қол саусағында мең бар.

Киімі: сұр түсті кепка, ақ жейде, көк джинсы шалбар, қара кроссовка.

Кез келген ақпарат маңызды. Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден құқық қорғау органдарына немесе LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.

Share.
Exit mobile version