Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

— Қазақстан Еуразияның қақ ортасында орналасқан Орталық Азияны бейбітшіліктің, тұрақты қауіпсіздіктің және нәтижелі өзара іс-қимылдың ошағы болуын үнемі ілгерілетіп келеді. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, діни экстремизмге, лаңкестікке, сепаратизмге, есірткі тасымалына, заңсыз қару-жарақ саудасына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы табанды түрде күресуге үлесімізді қоса бермекпіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент халықаралық киберқылмыстың таралуы проблемасы өңірдегі елдердің ерекше назар аударуын талап ететінін атап өтті.

— Біз киберқауіпсіздік мәселелеріне жауапты ведомство басшылары арасында тұрақты байланыс орнатуды ұсынамыз, — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Share.
Exit mobile version