Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Forbes дерегінше, қазіргі спортшылар арасындағы жылдық табысы ең жоғары үштікке кірген атақты футболшы анықталды.

Әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы – 40 жастағы шабуылшы әрі капитан. Ол қазір Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында және Португалия құрамасында өнер көрсетеді. Соңғы бір жылда оның басты табысы клубтан алатын жалақы мен ауқымды жарнамалық келісімшарттар есебінен түскен.

Биыл ең көп табыс тапқан 50 спортшының жалпы кірісі 4,23 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 3,88 миллиард долларлық рекордтан айтарлықтай жоғары. Бұл соманың 1,04 миллиард доллары демеушілер, қоғамдық іс-шаралар және өзге бизнес жобалар арқылы келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға көп және 2023 жылғы 1,08 миллиард долларға жақын.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық баскетболшы Майкл Джордан қаржылық табыс жағынан ең үздік 50 спортшының көшін бастаған болатын.

Кілтсөздер: ең жоғары жалақы алатын спортшы, әлемдегі ең табысты спортшылар, спортшылардың табысы, Forbes рейтингі, Сауд Арабиясы «Аль-Наср», Португалия құрамасы, Майкл Джордан.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Share.
Exit mobile version