Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртлеу мен Сергей Лавров келіссөздер өткізді, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің Чолпон-Ата қаласында өтетін отырысы қарсаңында Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін, транзиттік-көлік, энергетика салаларындағы әріптестікті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін нақтылады», – деп толықтырды Қазақстан СІМ.

Share.
Exit mobile version