Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жақында болған жер сілкінісі салдарынан Көк-Жар ауылында 36 үй, Жаңа-Талапта 28 үй мен Мәдениет үйі, Ақ-Қияда 21 үй мен мектеп, Қадыралыда 7 үй, мектеп және дүкен, Қара-Ойда 7 үй мен мектептің қабырғаларына жарық түсті. Жалпы зақымдалған 99 тұрғын үйдің 46-сы сақтандырылған, ал 53-і сақтандырылмаған болып шықты.

Қазір арнайы аудандық комиссия шығын көлемін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, сәуір айында Қырғызстанның екі облысында болған жер сілкінісі ел тұрғындарына айтарлықтай залал келтірді.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Share.
Exit mobile version