Қытай әскери техникасын экспорттауға ниетті екенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Цзян Биньнің айтуынша, Қытай қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттау ісінде жауапты әрі байыпты саясат ұстанады.

– Біз Қытайдың әскери технология саласындағы жетістіктерін достас мемлекеттермен бөлісуге және жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға әзірміз, – деді ол брифинг барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Украина Қытайдың бес қорғаныстық компаниясына санкциялар енгізген болатын.

Share.
Exit mobile version