Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Қытайдың оңтүстігінде су тасқыны: қаза тапқандар бар

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы хабарлағандай, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы ауылда болған су тасқынынан алты адам қаза тауып, тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы апаттың салдарын баяндаған жергілікті ақпарат құралдарына сүйенген «Қытай жаңалықтары» сайты жазады.

Қатты жауын-шашын салдарынан өткен демалыс күндері Гуандун провинциясының Гуанчжоу мен Шэньчжэнь қалаларында 700-ден астам әуе рейсі кестеден шығып қалды немесе кейінге шегерілді. Метеорологтардың дерегінше, Қытайдың оңтүстік аймақтарында 27-29 мамыр аралығында 2025 жылдың басынан бергі ең күшті жаңбыр жауады деп күтілуде, бұл табиғи апат қаупін арттыра түседі.

Жексенбі күні Қытай билігі су тасқыны қаупіне байланысты оңтүстік-батыс Юньнань провинциясында «көгілдір» ескерту жариялады.

Айта кетейік, жақында Үндістанда да нөсер жауын кесірінен 45 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Кілтсөздер: Қытай, су тасқыны, Гуанси-Чжуан, табиғи апат, ауа райы, Гуандун, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Юньнань, жауын-шашын.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Share.
Exit mobile version