Сауда және интеграция министрлігі Парсы шығанағындағы кеме қатынасының жабылуы Қазақстанда тауар тапшылығы қаупін тудырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды EurasiaPulse.com ақпарат агенттігі.
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің айтуынша, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен тауар айналымы өте аз.
«Қазір ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз. Ол жақтағы елдермен тауар айналымымыз небәрі 0,022%-ды құрайды. Мәселен, Иранмен сауда-саттығымыз 430 млн доллар болса, оның 240 млн доллары – біздің экспорт. Бұл негізінен астық, яғни арпа мен бидай. Жалпы көлемдегі үлесі шамамен 0,03%, яғни 1%-ға да жетпейді», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
