АҚШ-та ипотекалық мөлшерлеме соңғы үш айдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

2024 жылдың ақпан айының ортасынан бері ипотекалық несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер ең жоғары көрсеткішке жетті. Соңғы аптада ипотека алуға өтініш білдірушілердің саны 5,1%-ға азайды. Тұрғын үй сатып алу және бұрынғы несиелерді қайта қаржыландыруға қатысты өтініштер 5%-ға төмендеді.

Қазір 30 жылдық тұрақты мөлшерлемелі ипотека бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 6,86%-дан 6,92%-ға өсті. Ал 15 жылдық ипотека мөлшерлемесі 6,12%-дан 6,21%-ға дейін көтерілді.

Айта кетейік, биткоин бағасы алғаш рет 111 мың доллардан асты.

Кілтсөздер: ипотека, ипотекалық несие, пайыздық мөлшерлеме, тұрғын үй, қайта қаржыландыру, биткоин бағасы.

Фото: inform.kz сайтынан алынды