Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026

Қазақстан тамыз-қыркүйекте әскери оқу-жаттығу өткізеді

3 августа, 2026

Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары сенімді нығайтуда

3 августа, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Қазақстан парламент сайлауын 50-ден астам байқаушы бақылайды

    3 августа, 2026

    Тәжікстандағы ресейлік база диверсияға қарсы жаттығу өткізді

    3 августа, 2026

    Жалған ақпарат: Қазақстан сайлауына төнген қатер

    3 августа, 2026

    Қырғызстан мен Әзірбайжан одақтастық шартқа қол қойды

    31 июля, 2026

    Қазақстан Wildberries қоймасы туралы өтінішті әлі алмаған

    30 июля, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Бакуде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының латын графикасындағы жаңаша басылымы таныстырылды.
Жаңалықтар

Бакуде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романының латын графикасындағы жаңаша басылымы таныстырылды.

29 апреля, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркі Академиясы ұйымдастырған роман-эпопея Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып шығарылды.

Тұсаукесер рәсімінде Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаевтың айтуынша, бұл басылым көркем шығарманың түпнұсқалық рухын қайта оятып қана қоймай, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Мұхтар Әуезовтің романы алғаш рет 1954 жылы Әзірбайжан тілінде Эюп Аббасовтың аударуымен кирилл графикасында жарияланған болатын, алайда ол орыс тілінен аударылды. Сөйтіп, 70 жылдан астам уақыт бойы атақты шығарма әзербайжан оқырмандарына ұсынылмаған еді.

− Бұл жолы роман қазіргі әзірбайжан әдеби тілінің нормаларына сай, латын графикасымен және қазақ тіліндегі түпнұсқа бойынша тексеріліп, алғашқы басылымдағы қателіктер түзетіліп, кеңестік цензура кесірінен қысқарған тұстары толықтырылып басылды. «Абай» романының мұндай форматта шығуы – тек әдеби оқиға емес, сонымен қатар ортақ рухани мұрамызға деген құрмет те, мәдени жадты жаңғыртудағы нақты қадам. Түркі Академиясы алдағы уақытта түркі халықтарының мәдени-рухани мұрасын зерттеу және насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек, – деді академия басшысы.

Тұсаукесерге Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел, ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Ер, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының аппарат жетекшісі Фахри Хаджиев, сондай-ақ ғылыми және білім беру мекемелерінің, әдебиет және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Осыдан бұрын Әзербайжанда өтетін III ТМД ойындарының бойтұмары таныстырылған болатын.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Абай Құнанбайұлы Кітап Әзербайжан
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы жаңа жинақ жарияланды.
Next Article ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарын қорғау және тізімге енгізу жұмыстарын жалғастыру маңызды – Үкімет мәлімдеді.

Related Posts

Ресей-Қазақстан медиафорумы БАҚ рөлін талқылады

3 августа, 2026

Қазақстан тамыз-қыркүйекте әскери оқу-жаттығу өткізеді

3 августа, 2026

Ресей мен Қазақстан БАҚ-тары сенімді нығайтуда

3 августа, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version