Close Menu
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
What's Hot

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Facebook Instagram TikTok Telegram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Oʻzbek
    • Кыргызча
    • 中文 (中国)
    • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
EurasiaPulse
  • Басты
  • Жаңалықтар
  • Саясат

    Өзбекстан мен Гонконг іскерлік кеңес құруға келісті

    10 июня, 2026

    Қырғызстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі: Ресей қолдауы

    9 июня, 2026

    Тоқаев Пашинянды құттықтады: Армения сайлауы Мәскеу ықпалын сынауда

    9 июня, 2026

    Қазақстанның қаржы амбициялары: Гонконгпен ынтымақтастық

    8 июня, 2026

    Орталық Азия Гонконгтың жаңа логистикалық хабына айналуда

    7 июня, 2026
  • Спорт
  • Central Asia
  • Әлем
EurasiaPulse
Главная страница » Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады
Жаңалықтар

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13 мая, 2025
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.

Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.

Осыған дейін Қуаныш Сұлтановтың мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін «Отан» орденімен наградталғаны туралы жаздық.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Ақорда президент Қазақстан Президенті
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЕліміздің шалғай ауылдарында сапалы фильмдер тегін көрсетілмек
Next Article Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Related Posts

Қазақстанның жаңа технологиялық хабына Гонконг қолдауы

11 июня, 2026

UNAMA басшысы Орталық Азиядан тағайындалуы неге маңызды?

10 июня, 2026

Hitay қорының өнер байқауы: Орталық Азия студенттеріне мүмкіндік

10 июня, 2026
Top Posts
Advertisement
ЖАРНАМА EurasiaPulse баннер

eurasiapulse.com

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
© 2026 eurasiapulse.com. Designed by Eurasiapulse.com.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version